Қызметінен босатылған Тәшиев алғаш рет көпшілік алдына шықты

363
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DVZ0c58jyM8HQgY2yQN01QecIgPmJmKPao7NQ480.jpg

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев лауазымынан босатылғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Ол баспанаға мұқтаж отбасыға жаңа үйді табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Іс-шарадан түсірілген видео оның жақтастары тарапынан жарияланды. Қамшыбек Тәшиев жаңа үйдің кілтін үй иелеріне жеке өзі табыстады.

«Әр адамның өз баспанасы болуы тиіс. Президент Садыр Жапаров азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған саясат жүргізіп отыр. Ош пен Қара-Суу қалаларында ипотекалық үйлердің қалай берілгенін өздеріңіз көрдіңіздер. Мыңдаған отбасы өз баспанасына ие болуға мүмкіндік алды. Әрбір мұқтаж отбасының басында баспана болуы керек», — деді ол.

Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, үй құрылысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыға қайырымдылық көмек ретінде ұйымдастырылған.

Еске салайық, Тәшиев мемлекеттік қызметтерінен кеткеннен кейін  «75-тің хаты» ісі бойынша фигурант болды. Бұрынғы басшы билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен күдікке ілінген. Сот процесі жалғасып жатыр.

Comments