БҚО-да 3 мектеп түлегі суға батып кетті

395
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gDsxjD8T6Ay2zhVLloyyhnYgIvN3vH4Xeb6q95qP.jpg

Батыс Қазақстан облысында үш мектеп түлегі суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Мой Городқа» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 маусым күні кешке Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші Өзен өзенінде болған.

«112 қызметіне полициядан хабарлама келіп түсті. Онда 2008–2009 жылы туған үш жасөспірімнің демалуға арналмаған және шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткені айтылған. Аталған аумақта тыйым салатын белгі орнатылған»,–деп түсіндірді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына БҚО ТЖД қызметкерлері жіберілгенімен, олар жеткенге дейін жасөспірімдердің денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Көз жұмғандардың барлығы биыл ғана мектеп бітірген түлектер екені анықталды.

Comments