Шымкентте хибжаб киген қыздан синтетикалық есірткі тәркіленді. Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келіге жуық мефедрон салынған төрт пакет табылған, деп хабарлайды “Адырна”.
Сонымен қатар, жалдамалы пәтерін тінту барысында әрқайсысы шамамен 5 граммнан дайындалған 32 орама есірткі заты, сондай-ақ есірткіні бөліп өлшеуге арналған электронды таразы мен зип-пакеттер анықталған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.
Related news
