Нобель иегері Мо Янь алғаш рет Қазақстанға келеді

107
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uGtz8J0rHkQnouh0WbK4jeFbNzIrIuSpTRnt0zyf.jpg

Әлемге әйгілі қытай жазушысы, әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға алғаш рет келеді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жазушы ҚР Мәдениет ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен 22 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бас ғимаратында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас қаламгерлерге шеберлік дәрісін оқиды.

Шығармалары әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген Мо Янмен бірге Қытай Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, аудармашы Әкбар Мәжит, Бейжің Тіл және Мәдениет университетінің профессоры, ғалым Лю Шицинь қазақ топырағына ат басын бұрады.

Аталған шаралар 2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  стратегиялық әріптестігі аясында жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының аясында жүзеге асады.

Бұған дейін Мо Янның "Шарап елі" романынан үзінді жарияладық

Comments