Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің туған қаласы Ақтөбеге келіп, жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Әнші өзінің балалық шағы өткен мекенге оралуы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, туған жердің өзі үшін орны ерекше екенін атап өтті.
«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Әзірге жаңа туындының атауы мен қандай әнге клип түсірілетіні белгісіз, алайда түсірілім жұмыстары жақын күндері Ақтөбе қаласында басталады.
Related news
