Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алмақ

356
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VYkX2fcabwwZsU54oLcrzISY3dLdXSS9W02ph0jX.jpg

17 маусымда Мәжіліс Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен қарыз алу туралы келісімдерді мақұлдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бюджет шығыстарын қаржыландыруға тартылатын қарыздардың жалпы көлемі шамамен 964 млн АҚШ долларын құрап отыр.

«20 мамырда Астанада қол қойылған бірінші келісім Қазақстанға бес жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 11 жыл мерзімге 92,3 млрд йен сомасында қарыз беруді көздейді. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен келісім 15 маусымда Астанада жасалған, оның аясында Қазақстанға 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда өтеу мерзімі 11 жыл болатын 62,4 млрд йен сомасында қарыз беру қарастырылып отыр»,– делінген хабарламада.

Екі келісім бойынша да қаржыландыру жоспарлы кезеңге бекітілген республикалық бюджет тапшылығы шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдауға бағытталған. Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі TONA + ауыспалы спред формуласы бойынша айқындалады. Сондай-ақ қарыз сомасының 0,25%-ы мөлшерінде біржолғы комиссия және игерілмеген қаражат қалдығына жылына 0,25% мөлшерінде резервтеу комиссиясы көзделген.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның жалпы мемлекеттік борышы 36,84 трлн теңгені құраған еді.

Comments