Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GqLCAoitR9D0Sm3lxoqtNVNE5901FyY6X2yuMVnl.webp

21 маусымда Астана – Қорғалжын тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, Toyota Land Cruiser, Toyota Fortuner және KIA RIO автокөліктері қақтығысқан. Соққы салдарынан KIA RIO жол жиегіндегі орға ұшып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

 

Comments
Other materials