"Осынау әнге салдырған он алтының зары еді..." 110 жыл бұрынғы ақ патшаға қарсы көтеріліс

76
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dtvkOgEpVFMUehEObVha5NnGrfGRRkm3Jt7FX9K1.webp

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 110 жыл толды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақ патшаның маусым жарлығына қарсы басталған қозғалыс қысқа уақыт ішінде бүкіл далаға тарап, отарлық саясатқа қарсы жалпыхалықтық қарсылыққа ұласты.

Биыл қазақ тарихында терең із қалдырған осы көтеріліске 110 жыл толды.

Көтерілістің басты себебі – патша үкіметінің жергілікті халықтың 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы болған.

Алайда бұл шешім халық наразылығының тек сыртқы көрінісі еді. Жерден айырылу, ауыр алым-салық, ұлттық теңсіздік пен отарлық қысым жылдар бойы қордаланған ашу-ызаны күшейткен болатын.

Тарихшылардың айтуынша, көтеріліс Қазақстанның барлық дерлік өңірін қамтыды. Әсіресе Торғай мен Жетісудағы қозғалыс ауқымды сипат алды. Көтеріліс барысында мыңдаған адам қаза тауып, жүздеген мың қазақ туған жерін тастап, көрші елдерге босуға мәжбүр болған.

Comments
Other materials