Израиль Иран өз аумағына зымыранмен соққы жасайтын болса, әскери іс-қимылдарды қайта бастауға дайын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.
Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әскери операциялардың қайта жандануы екі жағдайда мүмкін. Біріншісі – АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен жүргізіліп жатқан келіссөздерді нәтижесіз деп таныған жағдайда. Екіншісі – Иран Израиль аумағына зымыранмен шабуыл жасаған жағдайда.
«Егер Иран Израильге қарай зымыран ұшырса, Израиль күшпен жауап береді. Біз Иранның Израильге оқ атуына жол бермейміз. Бұл ұстаным АҚШ-қа да жеткізілді. Израиль қорғаныс армиясы толық жауынгерлік дайындықта, соққы беруге арналған нысандар анықталған», – деді Исраэль Кац.
Израиль билігі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарулы күштердің толық дайындық режимінде тұрғанын хабарлады.
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
