Макрон Өзбекстан президентінің қызымен кездесті

284
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K8uhcw9f9zCIdTSaj05QUwpRED84RseTFTUbKuad.jpg

Франция президенті Эмманюэль Макрон Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Саида Мирзиёева өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Франция президенті Эмманюэль Макронға көрсеткен ілтипаты мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтамын. Өзбекстан президентінің жүрекжарды сәлемі мен ізгі тілегін жеткіздім. Екі елді маңызды стратегиялық салалардағы ұзақ мерзімді әріптестік байланыстырады. Алда екі мемлекетке де пайдалы болатын бірлескен жобалар мен бастамалар әлі де көп боларына сенімдімін», – деп жазды Саида Мирзиёева.

Кездесу барысында Франция мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.

Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева 21 мамырда Астанаға келіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездескен. 

Comments