АҚШ жоғарғы соты Трамптың жарлығын жарамсыз деп таныды

372
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8xwUaHfP9zh1qvoVfHTrn1ghzTas63XLRDxcRGzZ.jpg

АҚШ Жоғарғы соты ел аумағында дүниеге келген адамдардың Америка азаматтығын автоматты түрде алуға құқығы бар екенін растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл құқықты шектеуге талпыныс жасаған еді. Ол қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы жарлықтарының бірі арқылы туу арқылы азаматтық алу тәртібін шектеуді көздеген.

Алайда Жоғарғы сот Трамптың жарлығын күшін жою туралы шешім қабылдады. Шешімді алты судья қолдаса, үшеуі қарсы дауыс берген.

АҚШ президенті туу арқылы азаматтық алу құқығын шектеу туралы жарлыққа 2025 жылдың қаңтарында қол қойған еді. Жарлыққа қол қойылғаннан кейін бірден билігі Демократиялық партияның қолындағы бірнеше штат пен қала оны жоюды талап етіп, сотқа жүгінген болатын.

Жарлықтың күшіне енуін үш федералдық судья тоқтатуға тырысқанымен, олардың шешімдерін АҚШ Жоғарғы соты кейіннен жойды. Соның нәтижесінде бірнеше сот ісі бір өндіріске біріктіріліп, соңғы шешімді 30 маусым күні Жоғарғы сот шығарды.

Еске салайық, Трамптың жаңа туған сәбиге азаматтық беруді шектеу туралы жарлығы демократтардың наразылығын туғызған еді.

 

Comments