“Әлем чемпионы әйелін ұрды”. Спортшыға қатысты іс қозғалды

204
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IzgU88A8WAsNYM4hlUzFV7ILvHiqiqtZAQzkUitB.jpg

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайына күш қолданғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының ПД түсініктеме таратқан.

Полиция мәліметінше, денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 30 маусым күні Көкшетау қаласының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақатын салған.

Ведомство барлық тараптың уәждері жан-жақты тексеріліп, оларға құқықтық баға берілетінін хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Comments