Лукашенко Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы рөлін жоғары бағалады

639
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K6r1i5pEsnNASOJIENM9uUtCMNdLo4EnmiC1Z8Z9.png

Бүгін, 6 шілдеде Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Есіміңіз қазіргі Қазақстан тарихында айрықша орын алады. Сіздің стратегиялық көзқарасыңыздың, саяси көрегендігіңіздің және ұзақ жылдар бойғы жасампаз еңбегіңіздің арқасында ел дамуының берік негізі қаланып, оның тұрақты ілгерілеуіне жол ашылды», – делінген құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы Беларусь елінде Нұрсұлтан Назарбаевтың екі мемлекет арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесі жоғары бағаланатынын атап өтті.

«Сіздің тікелей қатысуыңызбен қалыптасқан сенім мен сындарлы ынтымақтастық дәстүрлері бүгін де Беларусь пен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың берік негізі болып отыр», – деді Президент.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақ-береке және туған-туыстары мен жақындарының ортасында ұзақ ғұмыр кешуін тіледі.

Айта кетейік, бүгін экс-басшы 86 жасқа толды. Ол 1989 жылы билікке келіп, 30 жылға жуық ел президенті болған еді. Назарбаев 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі төрағасы болып отырды, 2023 жылдың қазанына дейін Елбасы статусы сақталды.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас республикалық мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін айтқан еді.

Comments