Қазақстандық 16 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынайды

432
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KRWcvrmNt7JLGIe3wNHIdNOI50Ft0LRpIi5VcstA.webp

Фото: boxingkazakhstan

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы U19 және U23 Азия чемпионатында ширек финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды "Адырна".

20 елден 329 боксшы қатысып жатқан құрлық біріншілігінде 16 мемлекеттің өкілдері кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

U23 санатында жартылай финалға ең көп спортшы шығарған құрамалар қатарында Өзбекстан көш бастап тұр – 18 боксшы. Екінші орында Қазақстан (16), ал үздік үштікті Үндістан (15) түйіндеді.

12 шілдеде U23 санатындағы жартылай финалдық кездесулер өтеді. Қазақстан құрамасынан 16 боксшы финал жолдамасын сарапқа салады.

Әйелдер арасында Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Анита Адишева (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Аяжан Ермек (60 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханқызы (+81 келі) рингке шығады.

Ал ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (55 келі), Нұрасыл Төлебек (60 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбек (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Ибрагим Бетаев (90 келі) және Аслан Елдібайұлы (+90 келі) финалға берілетін жолдама үшін бақ сынайды.

Comments