Украина үкіметі отставкаға кетті

257
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BkyTDVBgemEx4218iBoILE3SLoIqhALQpCv9Uma0.webp

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің премьер-министрі қызметінен Юлия Свириденконың отставкаға кетуін қолдап дауыс берді. Бұл Украина үкіметінің толық құрамының да бір мезетте отставкаға кетуін білдіреді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Унианға сілтеме жасап.

12 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетін жаңарту жоспарланып отырғанын және премьер-министр Юлия Свириденкоға жаңа қызмет ұсынылатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Украина саяси стратегиясын өзгертуде.

«Украинада жаңартылған саяси стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс кадрлық өзгерістер басталады. Біз бұл мәселенің егжей-тегжейін Украина премьер-министрі Юлия Свириденкомен талқыладық. Өзгерістер үшін Министрлер кабинетін жаңарту қажет деген қорытындыға келдік. Мен Юлияға премьер-министр қызметіндегі нақты, тұрақты әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ Украина командасындағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар оған біздің негізгі серіктестеріміздің бірімен қарым-қатынастағы жаңа маңызды бағытты басқаруды ұсындым», – деді президент.

13 шілдеде Украина Жоғарғы Радасына Юлия Свириденконың қызметінен кету туралы өтініші түсті. Оның отставкасын 450 депутаттың 258-і қолдап дауыс берген.

 

Comments