Фото: ҰОК
Қазақстандық триатлоншы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды "Адырна".
Ержанова жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды 35 минут 48 секунд нәтижемен жарыс иесі Тунде Крисан иеленсе, үшінші орынға 35 минут 50 секунд көрсеткішімен Италия өкілі Элис Вентре тұрақтады.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының тағы бірнеше спортшысы жоғары нәтиже көрсетті. Алуа Нұрмұхамет 36 минут 3 секунд уақытпен бесінші орынға ие болса, Калерия Шнайдер жеңімпаздан 26 секундқа қалып, алтыншы болып мәреге келді.
Сондай-ақ Аида Ким де үздік ондыққа еніп, жарысты 36 минут 13 секундта аяқтап, тоғызыншы орынға жайғасты.
