Конгода ауру жұқтырғандар саны артты

88
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2xXeIHJez7u2IUTucTsZx5XTh85vNRnyIUfpEhqQ.webp

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны артып келеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ТАСС дерегінше, соңғы бір тәулікте Эбола вирусынан тағы 37 адам көз жұмған. Осылайша, зертханалық түрде расталған өлім-жітім саны 967-ге жетті. Сондай-ақ елде Эбола жұқтырғандардың жалпы саны 2 423 адамды құрады. Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 79 жағдайға көп. Қазір аурудың өлім-жітім деңгейі 39,9%-ды құрап отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, ауруханалар мен оқшаулау орталықтарында 734 науқас ем қабылдап жатыр. Бұдан бөлек, вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды бақылау көрсеткіші 81,1%-ға жеткен.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеген болатын. Ұйым жұқтыру жағдайларының көбеюіне, індетпен күреске бөлінетін қаржының жеткіліксіздігіне және шұғыл алдын алу шараларын күшейту қажеттігіне назар аударған.

Comments