Көлік көкөніс дүкеніне соғылды. 15 жастағы қыз жарақат алды

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/65qXFSHLnWF3VGTiJAvWPWoFG5uDZDUdjyMZ9uxG.jpg

Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенге соғылды. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан дүкен ішінде болған 15 жастағы қыз жарақат алды. Аталған факті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 23 шілде шамамен сағат 18:30 шамасында Болекпаев көшесінде орналасқан «Аяла Фруктс» дүкенінде болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада жеңіл көліктің дүкенге соғылған сәті анық көрінеді.

Кейін белгілі болғандай, көкөніс сататын павильонға кіріп кеткен Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі – небәрі 18 жаста екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті басқара алмай, рөлге ие бола алмаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 15 жастағы қыз медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Comments