Ресей президенті Қазақстан басшысына Украинадағы қақтығыс туралы ақпарат беретінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
РИА агенттігінің мәліметінше, Ресей басшысы бұл мәселе бойынша Қазақстан Президентіне жеке кездесу барысында жан-жақты ақпарат беретінін айтты.
«Украина бағытына қатысты айтатын болсақ, бүгінгі әңгімеміз барысында сізге бұл жөнінде толық мәлімет беремін», – деді Владимир Путин.
Президенттер кездесуі Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында ұйымдастырылды.
Related news
