Грузияның мұнай өңдейтін бір зауыты Ресей шикізатынан бас тартқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Pirveli арнасының мәліметінше, Кулеви портында орналасқан мұнай өңдеу зауытына иелік ететін Black Sea Petroleum (BSP) компаниясы тамыз айының соңы немесе қыркүйек айының басынан бастап ресейлік мұнайды өңдеуді толық тоқтататынын хабарлаған.
Компанияның бақылау кеңесінің мүшесі Вахтанг Чахнашвили сөзінше, мұндай шешім Еуроодақ енгізген санкцияларға байланысты қабылданған. 24 шілдеде Еуроодақ Кулеви мұнай өңдеу зауытына қатысты алдын ала санкциялар жариялады. Егер кәсіпорын ресейлік мұнайды өңдеуді тоқтатпаса, бұл шектеулер 2027 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Вахтанг Чахнашвили компания алдағы уақытта еуропалық нарыққа шығуды жоспарлап отырғанын айтты. Осыған байланысты BSP ресейлік мұнайға балама шикізат көздерін іздеуде.
«Егер зауыт ресейлік мұнай импортын жалғастырса, онда Еуроодақтың санкцияларына ұшырайтыны сөзсіз», – деді ол.
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
