Тәуелсіз журналистер он бес жылға сотталды

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/knBBTmqqCnmEDNaH4sC1XchCyRpdkm9TfZubGxbb.jpg

Әзербайжан соты тәуелсіз Toplum TV редакциясының тоғыз журналисіне үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ дерегінше, олардың арасында БАҚ-тың негізін қалаушылар Акиф Гурбанов пен Руслан Иззетли 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар видео редактор Мушфиг Джаббаров, жоба үйлестірушілері Илькин Амрахов пен Рамиль Бабаев 13 жылдан, журналистерді оқытқан Али Зейналов пен медиа заңгері, Toplum TV негізін қалаушы Алескер Мамедли 14 жылдан, тілші Фарид Исмаилов пен SMM-менеджер Эльмир Аббасов 12 жылдан түрме жазасын алды.

Toplum TV Әзербайжандағы министрліктердегі жемқорлық, ел экономикасының жай-күйі, цензура және әлеуметтік мәселелер туралы зерттеу материалдарымен танымал. 2024 жылдың наурызында полиция редакция кеңсесіне тінту жүргізіп, қызметкерлердің басым бөлігін қамауға алған еді.

Журналистерге шетелдік қаржыландыруға қатысты заң негізінде алдымен ақша контрабандасы бойынша, кейін заңсыз кәсіпкерлік, қаржы жымқыру, салықтан жалтару және құжаттарды қолдан жасау баптары бойынша айып тағылды.

Ал Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы бұл істі «Әзербайжандағы сыни пікірлерді тұншықтыру әрекеті» деп бағалаған.

Comments