Си Цзиньпин шетелдегі қандастарын ұлттық бірігу ісіне үлес қосуға шақырды

119
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nrl8fLhSbpmxaHLhS97ZguDATSLCrJGdqswMYfHm.jpg

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шетелде тұратын қытайлықтарды, елге оралған қандастарды және олардың туыстарын күш біріктіріп, Қытайды қуатты мемлекетке айналдыруға үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Синьхуаға сілтеме жасап.

Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы және Орталық әскери кеңестің төрағасы қызметтерін қатар атқаратын Си Цзиньпин бұл туралы шетелдегі отандастармен жұмысқа қатысты нұсқаулар беру барысында мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, Қытайдан тыс жерлердегі 200-ге жуық ел мен өңірде 60 миллионнан астам қытайлық тұрады. Бұдан бөлек, 40 миллионнан астам адам шетелден тарихи отанына оралып, қытай мәдениетін насихаттау, халықаралық алмасу мен ынтымақтастықты дамыту арқылы елдің өркендеуіне үлес қосып келеді.

Си Цзиньпин партияның шетелдегі қытайлықтарға қатысты саясатын жан-жақты жүзеге асыруға шақырып, шетелде тұратын қытайлықтарды, елге оралған қандастарды және олардың туыстарын ұлттық бірігу ісіне белсенді қатысу үшін өздерінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалануға бағыттау қажеттігін атап өтті.

Comments