Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Гонконг қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шығып, тарихи нәтиже тіркеді. Бұл туралы 29 шілдеде Туризм және спорт министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) финалда Украина семсерлесу шеберлерімен күш сынасты. Бас жүлде үшін болған тартысты айқас 45-40 есебімен аяқталып, біздің төрттік Қазақстанға спорттың осы түрінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін сыйлады.
Бұл - Қазақстан ерлер командасы үшін жалпы әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш - былтырғы қола медаль. Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен додада әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.
Қазір семсерлесуден ерлер ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
