АҚШ президенті ел аумағында туған шетелдіктердің балаларына автоматты түрде азаматтық беру тәртібін шектеуге бағытталған екі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ВВС-ге сілтеп.
Құжаттар 6 тамызда қабылданды.
Бұл – Трамптың осы мәселе бойынша жасаған екінші әрекеті. Бұған дейін оның алғашқы жарлығы АҚШ Жоғарғы сотында дауға түсіп, сот оны Конституцияға қайшы деп тапқан еді.
Жаңа жарлықтардың бірі АҚШ-та туған баланың азаматтық алуына қатысты жағдайларды шектейді. Егер баланың ата-анасының ешқайсысы АҚШ азаматы болмаса және олардың бірі террористік ұйыммен байланысты болса, АҚШ азаматтығын заңсыз жолмен алуға тырысса немесе басқа мемлекеттің атынан жұмыс істесе, баласына автоматты түрде азаматтық берілмеуі мүмкін.
Бұл талап дипломаттардың балаларына да қатысты.
Екінші жарлық «босану туризміне» тыйым салуға бағытталған. Яғни жүкті шетелдік әйелдердің баласына АҚШ азаматтығын беру үшін арнайы Америкаға барып, сол жерде босануына жол бермеу көзделіп отыр.
Трамптың әкімшілігі мұндай әйелдердің кейбірі АҚШ-қа турист ретінде келіп, шын мәнінде бала туу үшін пайдаланатынын айтады.
Трамп бұл өзгерістерді көші-қонды шектеу жөніндегі саясатының бір бөлігі ретінде қарастырады.
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
