Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, №60 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Мен-өз міндеттерімді білемін!»-тақырыбында сайыстық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға 400-ге жуық жазасын өтеушілер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаттарының бірі сотталғандарды әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеуге жәрдемдесу және жаза өтеу барысында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, тәрбиеге баулу болып табылады.
Шараға белсенді қатысып, ерекшеленген жазасын өтеушілер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Алдағы уақытта осы тектес іс-шаралар облыс прокуратурасымен өз жалғасын табады.
Related news
