Әзербайжан мен Өзбекстанның өңіраралық форумы өтеді

230
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ykfNspMztjANcoOo1EHabKiflUWMNI644endsS3Z.webp

Әзербайжан мен Өзбекстанның IV өңіраралық форумы 22 тамызда Ташкентте өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы шетелдік инвестицияларды тарту агенттігі хабарлады. Форум екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі болмақ. Іс-шараға Өзбекстан мен Әзербайжанның мемлекеттік органдарының өкілдері, инвесторлар және іскер топтар қатысады.

Форум аясында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және өңірлер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланады. Әзербайжан тарапынан форумға түрлі салаларда жұмыс істейтін жетекші компаниялар қатысады. Олардың қатарында агробизнес және тамақ өнеркәсібі, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдер, логистика, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп өндірісі, сондай-ақ кәсіби және консалтингтік қызметтер салаларының өкілдері бар.

Форум екі елдің бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Comments