Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

319
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/efEbmysMU4gsffUhsVwSc7Pp8fZ5AeiByQC0mbg6.jpg

Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазыбек Қалмағамбетов финалға дейінгі жолында төрт балуанды жеңді. Ал финалда отандасымыз Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, бұл алтын медаль – Қазақстан құрамасының осы турнирдегі алғашқы жүлдесі.

Comments