Арыстағы әскери бөлім аумағындағы оқиға өрт ретінде хабарланды

596
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ott5BWlDIDCVIJb0h5iPjd5A1R5MPq8Osx3xajsz.jpg

Бүгін, 19 тамызда Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға сағат 19:00 шамасында болған.

«Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Comments