Арменияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет жүргізіп жатқан қылмыстық іс аясында елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак Кочарянды қамауға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті 25 тамызда Роберт Кочарянға және оның отбасына тиесілі бірқатар нысанда тінту жүргізілгенін жариялаған.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұрынғы президенттің кеңсе басшысы Баграт Микоянның айтуынша, Роберт Кочарян Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жеткізілген. Сонымен қатар құқық қорғау органдары Кочарянның ұлдары Левон мен Седрактың үйлерінде де тергеу амалдарын жүргізген.
Бұған дейін Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянға ел аумағынан шығуға тыйым салынған еді.
Related news
