Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Шыңғыс Әрінов бұған дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі лауазымынан босатты. Ол өңірді 2022 жылғы 11 маусымнан бері басқарған еді.
Related news
