Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ президенті әкімшілігінің сыртқы саяси қақтығыстар кезіндегі әрекеттерін жоғары бағалады, деп хабарлайды “Адырна”.
NBC News мәліметінше, бұл туралы АҚШ басшысы жұма, 4 қыркүйекте Ақ үйде тілшілерге мәлімдеген.
“Біз Венесуэланы бақылауға алдық және іс жүзінде Иранды да бақылауда ұстап отырмыз", - деді америкалық лидер.
Трамп АҚШ-тың аймақтағы жақын арадағы соққыларын еске салып, Иранның радиолокациялық жүйесіне жасалған шабуылды бөлек атап өтті. Сонымен бірге ол әскери операциялар жүргізгені үшін өзіне айтылған сынды жоққа шығарды.
"Ең бастысы – біз зор табысқа жеттік. Біз Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермедік", - деп түсіндірді президент.
Ақ үй басшысы Иранмен арадағы соғысты әскери қақтығыс деп атаудан бас тартты.
In Atyrau, it was reported that a man killed a young graduate because he did not help with mowing the grass
