Конго Демократиялық Республикасының Букаву қаласында болған өрт салдарынан бастауыш сыныпта оқитын 20 оқушы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Тағы 50 оқушы түрлі деңгейде жарақат алды.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, өрт екі бастауыш мектептің маңындағы тұрғын үйден шыққан. Жалын мектеп ғимараттарына тез тарап, сол уақытта сыныптарда оқушылар болған.
Жергілікті медициналық орталыққа өрттен қаза тапқан 10 адамның мәйіті жеткізілген. Кейін тағы бір ауруханаға 50-ден астам зардап шеккен оқушы жеткізіліп, олардың 14-і алған жарақаты мен күйіктен көз жұмған.
Өрт салдарынан аурухананы қоса алғанда, шамамен 500 ғимараттың зақымданғаны немесе толығымен жойылғаны хабарланды.
Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Related news
