Беларусь президенті Александр Лукашенко кіші ұлы Николайдың қазір әскер қатарында қызмет етіп жүргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна".
«Николай қазір армияда ең күрделі бөлімшеде қызмет етіп жүр», – деді Александр Лукашенко.
Беларусь президенті бұл туралы әскери салаға қатысты жиын барысында айтты. Кездесуде ол армияның жауынгерлік әзірлігін, соның ішінде жұмылдыруға дейінгі деңгейін тексеру қажеттігін айтқан.
Николай Лукашенко – Александр Лукашенконың үш ұлының кенжесі. Беларусь президентінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ол Острошицко-Городок орта мектебін тәмамдаған. Хоккей, музыка және шет тілдеріне қызығушылық танытады.
Николай Лукашенконың нақты қай әскери бөлімде қызмет етіп жүргені айтылған жоқ.
Related news
