Алматыда есірткі таратуға дайындалғандар қолға түсті

361
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HDlYIWqkQR4xV20NI6p0CtvlUcWjZ6Xpjk9pMxjf.webp

 

Алматыда есірткі таратуға дайындалған екі ер адам ұсталды.  Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, бір күдіктінің үйінен шамамен 240 грамм ұнтақ зат, 50 дайын бума, электронды таразы, таспа мен қолғап табылды. Екінші күдіктінің жанынан ақ түсті зат салынған 48 бума тәркіленді.

Табылған заттар сараптамаға жіберілді. Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Қазір полиция олардың заттарды қайдан алғанын және оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

 

Comments