Әзербайжанда Ұлттық музыка күні аталып өтуде

178
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oKBl1YPxTZUnTyILo4fvH8fB6uErkuKPs2nquxnC.jpg

Фото: azertag

Бүгін Әзербайжанда Ұлттық музыка күні аталып өтуде. Бұл күн Әзербайжан кәсіби музыкалық өнерінің негізін қалаушы, композитор Үзеир Гаджибейлидің туған күніне орай белгіленген, деп хабарлайды "Адырна".

Үзеир Гаджибейли 1885 жылғы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Оның туған күні Әзербайжанда Ұлттық музыка күні ретінде атап өтіледі. 2009 жылдан бері композитордың шығармашылығына арналған халықаралық музыка фестивалі өткізіліп келеді.

Гаджибейлидің есімі Әзербайжанның опера өнерінің қалыптасуымен тығыз байланысты. 1908 жылы оның «Ләйлі мен Мәжнүн» операсы алғаш рет Бакуде сахналанды. Шығарма ақын Мұхаммед Физулидің аттас поэмасы негізінде жазылған.

«Ләйлі мен Мәжнүн» Әзербайжандағы және Шығыстағы алғашқы опера ретінде тарихта қалды. Оның премьерасынан кейін «Шейх Санан», «Рүстем мен Сохраб», «Шах Аббас пен Хуршидбану», «Асли мен Керем» және «Харун мен Ләйлә» сияқты ұлттық опералар дүниеге келді.

Гаджибейли сонымен қатар Әзербайжандағы алғашқы музыкалық комедиялардың негізін қалаушылардың бір. Оның «Күйеу мен әйел» шығармасы 1910 жылы алғаш рет сахналанған.

Композитордың шығармашылық мұрасында опералар мен музыкалық комедиялардан бөлек, әндер, романстар, кантаталар, камералық және хор шығармалары бар. Ол 300-ден астам халық әнін нотаға түсірген.

Үзеир Гаджибейлидің шығармашылығы Әзербайжанның ұлттық музыка мәдениетінің қалыптасуына елеулі ықпал етті. Оның мұрасы бүгінде де елдің музыкалық мәдениетінің маңызды бөлігі саналады.

Comments
Other materials