Өзбекстанда жалпы құны 7 млрд доллар болатын 47 нысанның құрылысы басталды, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобалар Шавкат Мирзиёевтің Қарақалпақстан өңіріне сапары барысында іске қосылды. Нысандар энергетика, өнеркәсіп, көлік, медицина, цифрлық экономика және қызмет көрсету салаларын қамтиды.
Қарақалпақстанның бір ауданында Сауд Арабиясымен бірлесіп қуаты 1,5 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды. Ал Қытайлық серіктестермен цифрлық валюта өндіру және жасанды интеллектке арналған деректерді өңдеу орталықтарын құру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны шамамен 2,3 млрд долларды құрайды.
Сонымен қатар кен орындарының бірінде құны 20 млн доллар болатын алтын өндіру кәсіпорны салынады.
Президент сапары барысында жалпы құны 592 млн доллар болатын 11 жаңа нысанды да іске қосты. Олардың қатарында жалпы қуаты 300 МВт болатын екі жел электр станциясы, қуаты 100 МВт энергия сақтау жүйесі және Сауд Арабиясымен бірлесіп салынған, құны 27 млн доллар болатын 100 орындық аурухана бар.
YERLAN MAZAN: The Chinese MFA issued a statement on the situation in Russia: "This is an internal matter of Russia."
