Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

119
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/q0C5Rn4rwTeRgrPyC1eEXyUcW19WI9EQnxYO6fdj.jpg

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың финалына дейін жетті, деп хабарлайды «Адырна».

Шешуші кездесуде Берульцева Таиланд спортшысы Манееван Буцуванды жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық каратэші финалға дейін Сауд Арабиясының өкілі Дина Мостафаны ұтты. Ал жартылай финалда Непал спортшысы Арика Гурунгтен басым түсті.

Бұл — Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін Ханчжоу-2022 додасында да чемпион атанған болатын.

Қазақстан құрамасы үшін бұл жарыстағы төртінші алтын медаль. Бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл топ жарған.

Сонымен қатар ел қоржынында тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценконың екі алтыны, триатлоннан Арлан Жаңабайдың және қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасының қола жүлделері бар.

Comments