Бұрынғы Мәжіліс спикері Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды

217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6E97SvzHIvkIJhwwzePDTK89G8haiEkKXDvBm7UI.jpg

Бұған дейін қос палаталы парламентте мәжіліс төрағасы болған Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төрағаны сайлау рәсімі 23 қыркүйекте Астанада өткен Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыру отырысында өтті. Есеп комиссиясының төрағасы Мұрат Әбенов жасырын дауыс берудің нәтижелерін жариялады.

Дауыс беру жәшігінен 121 бюллетень шығарылды. Жарамсыз деп танылған бюллетень болған жоқ. Ерлан Қошановтың кандидатурасын 120 адам қолдап дауыс берсе, бір адам қалыс қалған.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылғы 14 тамызда Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жезқазғандағы Қарағанды политехникалық институтының филиалын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін жоғары коммерциялық білім алып, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында "экономист" мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 1986 жылы "Жезқазғантүстімет" байыту фабрикасында слесарь болып бастаған. Кейін комсомол ұйымдарында және сыртқы экономикалық байланыс саласында қызмет атқарған.

1995-1999 жылдары Сенат депутаты болды. Кейін Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары және Көлік және коммуникациялар вице-министрі қызметтерін атқарған.

2007-2017 жылдары Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары және кейін Кеңсе басшысы болған. 2017–2019 жылдары Қарағанды облысының әкімі, ал 2019–2022 жылдары Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы ақпанда Мәжіліс төрағасы болып сайланған. 2023 жылы VIII шақырылымдағы Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды. 2022–2026 жылдары "Amanat" партиясын басқарған.

Comments