Осыдан 36 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына қатысты маңызды қаулы қабылданды, деп хабарлайды "Адырна".
1990 жылғы 24 қыркүйекте ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1986 жылғы 17–18 желтоқсанда Алматыда болған Желтоқсан оқиғаларына қатысты комиссия қорытындылары туралы қаулы қабылдады.
Құжатта алаңға шыққан қазақ жастарының талаптары ұлтшылдық сипатта болмағаны, сондай-ақ оқиғаның бастапқы кезеңінде олардың әрекеттері құқыққа қарсы сипатта болмағаны атап көрсетілді.
Бұл қаулы Желтоқсан оқиғасына берілген ресми бағаны қайта қараудағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Related news
