Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте 2 орынға көтерілді

320
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1DGLFVPKSV91CsQ8eNeLxwKWhbqteH7N1VMfnWCC.jpg

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазір оның еншісінде 4 193 ұпай бар. Бұған дейін Шайдоровтың әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші үшінші орын болған еді. Осылайша, екінші орын спортшының мансабындағы жаңа жеке рекордқа айналды.

Рейтингтің бірінші сатысында 4590 ұпаймен америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин тұр. Ал Жапония өкілі Юма Кагияма 4123 ұпаймен үшінші орынға сырғыды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров екінші орынға Братиславада өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола жүлде алғаннан кейін көтерілді.

Бұл жетістік – спортшының жеке рекорды ғана емес, Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже. Бұған дейінгі рекорд үшінші орынға дейіе көтерілген Денис Тенге тиесілі еді.

Comments