Фото: ашық дереккөз
5-6 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады", делінген хабарламада.
Related news
