Экс-министр өзінің орнына келген министрді алмастырды

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fZYyYoeUhvzRyuZ53TrE2wCrmyU3ZkNQBysLd5qM.jpg

Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Ермек Көшербаев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әр жылдары Қазақстан сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Швейцариядағы елшілікте, Президент Әкімшілігінде және Үкімет құрылымдарында қызмет атқарған.

Сондай-ақ ол «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз» компанияларында, «Атамекен» одағында және KazEnergy қауымдастығында түрлі лауазымдарды иеленген. Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды.

Дипломатиялық қызметке қайта оралғаннан кейін сыртқы істер министрлігінде жауапты хатшы және министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылғы қаңтарда Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

2023 жылғы 16 маусымда Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2025 жылғы 14 ақпанда Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Сол жылғы 26 қыркүйекте Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы қыркүйекте Үкіметтің отставкаға кетуінен кейін сыртқы істер министрі қызметіне Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

Айта кетейік, Мұхтар Тілеуберді Ермек Көшербаевтың орнына тағайындалғанға дейін үш жыл бойы Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін атқарған.

Comments