Ресейлік рэпер Наваи Бакиров, сахналық аты Navai Қордайда қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Жамбыл облыстық ПД әншінің есірткі контрабандасы және оны заңсыз сақтау күдігімен екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Тиісті бұлтартпау шарасын Жамбыл облысы Қордай ауданының соты таңдады.
Бұған дейін, 13 қазанда, «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға кіріп келе жатқан шетелдік орындаушының ұсталғаны хабарланған. Полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп жүргізген тексеру барысында рэпер мінген көліктен есірткі затын тауып, тәркілеген.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, көліктен 2,5 грамм марихуана табылған.
Related news
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO
The conditions of war have changed. Zelensky announced that Ukraine was ready to launch a counterattack
