Зеленскиймен келісу Путинмен келіссөз жүргізуден қиын  – Трамп

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eUIbc91cLQX2bqWJc6sjSEkDafPOWh1LuarXB6Jb.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге «риза емес» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Зеленскиймен келісімге келу Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге қарағанда қиынырақ. Бұл туралы ол Newsmax телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

«Зеленский – бізге келіссөз жүргізуге ыңғайлы адам емес... Ауызша келісетінін айтады, бірақ шын мәнінде олай емес. Жоқ, мен Зеленскийді жақтайтындардың қатарынан емеспін», – деді АҚШ президенті Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Трамп сұхбат барысында қақтығыс өзінің президенттік мерзімі аяқталғанға дейін тоқтауы мүмкін екенін айтты.

«Бұл соғыс жақын арада аяқталуы керек. Менің ойымша, шын мәнінде екі тарап та (Ресей мен Украина президенттері) оның аяқталғанын қалайды», – деп қосты АҚШ президенті.

Comments
Other materials