Өзбекстан президентінің қызына тағы бір қызмет жүктелді

134
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iyal4y3p6gZVYcmv9bSlygUABeOSE0kSO7fPoSbr.jpg

Фото: instagram.com/ saida_mirziyoyeva

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің қызы, елдің президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева елдің отын-энергетика саласындағы Инвесторлар кеңесінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Президент Шавкат Мирзиёев энергетикалық жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты инвестиция мен күрделі инфрақұрылым қажет екенін атап өтті. Инвесторлар кеңесі жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кездесетін мәселелерді шешу мақсатында құрылды.

Comments