Сауд Арабиясының Даммам қаласындағы Король Фахд халықаралық әуежайына шабуыл жасалды, деп хабарлайды “Адырна”.
Салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында шабуыл туралы жариялады.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 21 қазан, сәрсенбі күні кешке болған.
Сондай-ақ шабуыл салдарынан материалдық шығын келген. Қазір оның көлемі анықталып жатыр. Ведомство оқиғаға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын хабарлады.
Related news
