Қазақ-Өзбек шекарасында жүк тасымалдаушылардан жарна талап етіледі

276
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HEkfGwvMwXuKp0ioFmvz7I2BZLAB7ZiXMTCH7aJc.jpg

9 қарашадан бастап халықаралық тасымалдаушылар Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы электрондық кезекті брондау кезінде кепілдік төлем төлеуге міндетті болады. Оның мөлшері 20 АЕК, яғни 86 500 теңгені құрайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа талаптар «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу бекеттерінде енгізіледі. Электрондық кезекті брондау үшін тасымалдаушы арнайы электрондық шотында қажетті қаражаттың болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Егер көлік құралы өткізу пунктіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік төлем тасымалдаушыға толық көлемде автоматты түрде қайтарылады.

Ал егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет белгіленген уақытта өткізу пунктіне келмесе, кепілдік сомасы қайтарылмайды. Бұл жағдайда қаражат мемлекет бюджетіне өндіріп алынады.

Департамент осындай талап енгізу арқылы шекарада қолдан кезек жасаудың алдын алмақ.

 

 

Comments