ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.

Құрметті қонақтар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады.
Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық "Бештепе" саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашқан болатын.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
