Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қабатты кафеден өрт шығып, жарылыс қаупі туындады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел әрекет етіп, ықтимал апаттың алдын алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға бүгін таңертең ерте болған. Өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Барлау барысында қосалқы бөлменің де отқа оранғаны анықталды.
Сонымен қатар жалынның көрші ғимаратқа таралу қаупі болған. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің көршілес нысанға өтуіне жол берілмеді.
«Өртті сөндіру барысында құтқарушылар әртүрлі көлемдегі алты оттегі баллонын алып шықты. Осылайша, олардың жарылу қаупінің алдын алды», – деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
