Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

398
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HHqfIFQcpGT7R0YuZnT8CmiAh9PzGaohZE9T6wtM.webp

Фото: Report

Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беру басталды. Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, 6,6 миллион азаматқа дауыс беру мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылған сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Шетелде тұратын немесе туристік сапарда жүрген Болгария азаматтары үшін әлемнің 60 елінде қосымша дауыс беру орындары ұйымдастырылған.

Президенттікке Илияна Йотова мен Андрей Гюров үміткер болып отыр. Ал вице-президенттік лауазымға Кирил Вылчев пен Георгий Кандев кандидат ретінде тіркелген.

Дауыс берудің алғашқы бейресми нәтижелері сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жарияланады деп күтілуде. Ал ресми қорытынды 4 қарашадан кешіктірілмей белгілі болуы тиіс.

Айта кетейік, Болгария президенті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Бір адам бұл қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды. Президентпен бірге вице-президент те сайланады. 2026 жылғы сайлаудың бірінші кезеңінде мемлекет басшысы лауазымына барлығы 27 адам үміткер болған.

Comments
Other materials